Арнайы прокурорлар оқытудан өтті

Құқық қорғау органдары академиясында 18 арнайы прокурор сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарға байланысты өзекті істерді сотқа дейінгі тергеу ерекшеліктеріне арналған апталық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ, қылмыстық процесте қолданылатын заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сабақтар өткізілді. Оқуға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Бас прокуратураның тәжірибелі практиктері тартылған. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.